Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при жарысында қола жүлдегер атанды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при жарысында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайда өткен Гран-при кезеңінде 3-орын иеленді.
Турнир аясында ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын қорғаған Шайдоров қысқа бағдарламада үшінші орын алса, еркін бағдарламада да сол нәтижесін қайталады.
Қорытынды есеп бойынша спортшы 262.67 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді.
1-орынды жапон спортшысы Шун Сато (278.12) иеленсе, 2-орынды италиялық Даниэль Грасльға (269.43) бұйырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: