Спорт4 маусым 2026, 16:18

Михаил Шайдоров жас спортшыларға 6 миллион теңге тарту етті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыдағы №3 кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ерекше сый жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кездесу барысында спортшы жас мәнерлеп сырғанаушыларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға арналған сертификаттар табыстады. Жалпы саны 30 спортшының әрқайсысы 200 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Осылайша Шайдоров жас таланттарды қолдауға жалпы көлемі 6 миллион теңге қаржы бөлді.

Желі қолданушылары спортшының бұл қадамын жоғары бағалап, оның жас буынға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауын үлгі боларлық іс деп атап жатыр.

Шайдоров Спортшы Жүлде чемпион
17 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар