СпортКеше, 21:45

Ойын кезінде 19 жастағы футболшы көз жұмды

Ойын кезінде 19 жастағы футболшы Диас Төлеу көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы жағдай Бірінші лигадағы «Хан-Тәңірі» мен «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде болды. 19 жастағы шабуылшы Диас Төлеу алаң үстінде кенет есінен танып, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, өмірден өтті.

Диас — алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тәңірі» сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасына және командасына қайғыра көңіл айтты.

футбол Спортшы көз жұмды Хан-Тәңірі

Тақырыпқа жаңалықтар