СпортБүгін, 11:14

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды. Оған 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстандық спортшыларды туыстары, жанкүйерлер мен спорт журналистері күтіп алды. Сондай-ақ қарсы алу рәсіміне туризм және спорт министрі және ҰОК президенті қатысты.

Олимпиада чемпион түннің бір уағында күтіп алған барша жанкүйерге алғыс білдірді.

«Олимпиадада елімнің туы ең биік тұғырда көтерілген сәтте кеудемді мақтаныш кернеді. Түн болса да қарсы алуға келген, қолдау білдірген баршаға рақмет. Сыйлықтарыңыз үшін де алғыс айтамын. Бұл — мен үшін елімді одан әрі танытуға үлкен мотивация», — деді чемпион.

Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға 1 бөлмелі пәтер кілті берілді.

Шайдоров Олимпиада жеңіс ел
Кеше, 12:40 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар