Олимпиада туы Лос-Анджелеске табыс етілді
Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты аясында Олимпиада туы 2028 жылы ойындарды қабылдайтын қалаға табыс етілді. 2024 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстанге мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах сөз сөйлегеннен кейін Олимпиада әнұраны шырқалды. Одан кейін Олимпиада туын тапсыру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олимпиада туының тапсырылуы жабылу салтанатындағы символикалық сәт болып есептеледі. Лос-Анджелес келесі Олимпиада ойындарын қабылдайтын қала болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Париж мэрі Анн Идальго мен Лос-Анджелес мэрі Карен Басс, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах сахнаға шықты.
Анн Идальго Олимпиада туын Томас Бахқа тапсырды, ал ол Карен Бассқа тапсырды.
Содан кейін H.E.R сахналық атымен танымал америкалық әнші Габриэлла Сармьенто Уилсон АҚШ әнұранын орындады.
Фото: видеодан кадр