Спорт29 сәуір 2024, 11:00

Париж-2024: Ел қоржынына 48 жолдама түсті

Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 48 жолдаманы жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Семсерлесуден Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан лицензиялық жарыста Айгерім Сарыбай қылыш жаттығуы бойынша финалда Кю Уинг Чуды (Қытай) 15:13 есебімен жеңіп, Олимпиада ойындарына лицензияға иелік етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейән қазақ спортшылары 16 спорт түрінен жалпы саны 46 жолдаманы жеңіп алған болатын.

Атап айтсақ, бокстан — 7, нысана көздеу — 5, греко-рим күресі — 4, садақ ату — 4, семсерлесу — 4, еркін күрес — 3, каноэ мен байдаркадан ескек есу — 3, велоспорт — 3, қазіргі бессайыс — 2, спорттық гимнастика — 2, тхэквондо — 2, бадминтон — 1, академиялық ескек есу — 1, жеңіл атлетика — 1, батут — 1, стенд атудан 1 лицензия жеңіп алған.

Айта кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Париж-2024 48 жолдама

Тақырыпқа жаңалықтар