Пәтер және 5 млн теңге: Олимпиадада жеңіске жеткен дзюдошылар марапатталды
Алматыда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен дзюдодан Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Айта кетсек, аталған спортшыларға бұған дейін де бірқатар сый-сияпат жасалды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Еске салайық, Елдос Сметов — Париж Олимпиадасының чемпионы. Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.
Тағы бір отандасымыз дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев — Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимамен белдесті.
Сонымен қатар, Әбиба Әбужақынова дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмады. Өкінішке қарай, отандасымыз қола медаль үшін таласта швециялық жас балуан Тара Бабульфатқа жол берді.
«Дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер кілті, ал Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді. Сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарында 5-ші орынға тұрақтаған Абиба Абужақыноваға 5 млн теңгенің сертифкаты табысталды», - делінген Қазақстан дзюдо федерациясының Instagram парақшасындағы жазбада.