СпортБүгін, 9:21

«Қайрат» пен «Пафос» тең тарқасты

Алматылық клуб Чемпиондар лигасының 3-турында кипрлік "Пафосты" қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Қайрат" пен "Пафос" арасындағы матч Алматының Орталық стадионында өтті. Ойын кезінде қауіпті сәттер көп болғанымен, кездесу тең есеппен аяқталды (0:0).

Кипрлық команда матчты қызыл қағазбен бастады. Ойынның төртінші минутында жартылай қорғаушы Жоау Корреа "Қайраттың" футболшысы Луиш Матаға қарсы фол жасап, алаңнан қуылды. Алайда алматылық команда ойыншылар саны бойынша басымдықты сәтті пайдалана алмады.

Кездесудің 72-минутында қонақтар "Қайрат" қақпасына гол соқты. Алайда төреші офсайд тіркеп, голды есепке алмады.

Бірнеше минуттан кейін алматылық клубтың жартылай қорғаушысы Офри Арад қауіпті соққы жасап, доп қақпаның бағасына тиді.

Қонақтар ойынның басында 10 ойыншымен қалғанына қарамастан қақпасын голдан аман сақтап қалды. Нәтижесінде ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, осылайша "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын еншіледі.

Қайрат спорт футбол Кипр

Тақырыпқа жаңалықтар