«Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» есе жіберді
Футболдан Чемпиондар Лигасының бесінші турында алматылық клуб сырт алаңда Дания чемпионы «Копенгагенмен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қайрат» сапында Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек Чемпиондар лигасындағы алғашқы голдарын соқты.
Енді «Қайрат» 9 желтоқсан күні «Астана Аренада» грекиялық «Олимпиакосты» қабылдайды.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаевтың есімі Чемпиондар лигасы тарихында алтын әріппен жазылды.
«Қайраттың» жас шабуылшысы «Копенхагенге» қарсы ойында гол соғып, ол Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққан футболшылардың алғашқы үштігіне енді. Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан тұңғыш қазақ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: