Қазақстан ерлер құрамасының бокстан жаңа бас бапкері тағайындалды
Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл қызметке Нұржан Насанов тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Маманның жаттықтырушылық жолы 2016 жылы басталған. 2024 жылдан бері ұлттық құраманың бапкерлер штабында жұмыс істеп келеді.
Оның танымал шәкірттерінің бірі – бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Ташкенбай.
Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сәтжанов атқарған. Ол денсаулығына байланысты жұмыстан кету туралы шешім қабылдады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: