Спорт7 қараша 2023, 19:29

Қазақстандық боксшы Сочиде ресейлік спортшыны жеңді

Қазақстандық боксшы Алтынбек Ибрагимов (0-1) кәсіпқой мансабындағы екінші кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz сайты жариялады. 

26 жастағы Ибрагимов Сочидегі (Ресей) бокс кешінде өнер көрсетті.

Қарсыласы – 24 жастағы ресейлік дебютант Марат Гаспарян.

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын.

Екі боксшы төрт раунд бойы жұдырықтасып, Ибрагимов төрешілердің дауыс басымдығымен жеңіске жетті.

Осылайша Алтынбек Ибрагимов кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізсе, Марат Гаспарян бірінші рет жеңілді.

Алтынбек Ибрагимов бокс сочи кәсіпқой боксшы

Тақырыпқа жаңалықтар