Спорт9 маусым 2024, 9:00

Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші бразилиялық Пауло Андре Дос Сантоспен бірге жартылай финалда түркиялықтар Ченгиз Ақсу — Алп Хорозды 1:6, 6:0, 10:6 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық-бразилиялық жұп финалда германиялық Никлас Шелл — ұлыбританиялық Маркус Уолтерспен чемпиондық атақты сарапқа салды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бірінші партияда Шелл — Уолтерс 6:4 есебімен басым түсті. Дегенмен екіншісінде Қазақстандық бразилиялық дуэт есе қайырды — 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:8.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Азия теннис федерациясы рейтингісінде көш бастағанын жазған болатынбыз.

ITF турнирі Григорий Ломакин чемпион Тунис
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар