Қазақстандық теннисші Тунистегі жарыста жеңімпаз болды
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Агафоновпен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, бразилиялық Пауло Андре Дос Сантос - оңтүстікафрикалық Крис Ван Викпен чемпиондық атақты сарапқа салды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Г.Ломакин Пауло Андре Дос Сантоспен бірге Монастирде дәл осындай додада үздік шыққан еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: