Спорт2 қараша 2025, 14:45

Рыбакина Сауд Арабиясында өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Отандық спортшы турнирдегі алғашқы кездесуінде америкалық теннисші Аманда Анисимованы (әлемнің 4-ракеткасы) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты. Матч 58 минутқа созылды.

Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Серена Уильямс тобына түскен қазақстандық теннисші келесі кездесуін әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен (Польша) өткізеді.

Рыбакина БАӘ спорт Теннис
28 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар