Шайбалы хоккейден «Айсұлу» командасы — Қазақстан чемпионы
Алматылық «Айсұлу» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды. Оңтүстік астана намысын қорғайтын ұжым өз тарихында 18-мәрте жеңіс тұғырынан көрініп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Ал астаналық «Томирис» биылғы маусымда чемпион командаға лайықты қарсылық көрсетті. Нәтижесінде екінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, құрамында тек жергілікті өскемендік қыздар жинақталған «Торпедо» клубы үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысының финалы мен үшінші орын сайыста қай командалардың сынға түсетіні белгілі болды.
Биыл бас жүлдені Көкшетаудың «Арлан» және астаналық «Номад» клубтары сарапқа салады.
Ал қола жүлдеге «Ақтөбе» және қарағандылық «Сарыарқа» клубтары таласады.