Спорт23 қыркүйек 2025, 14:29

Тоқаев ФИФА президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін федерацияға ризашылық білдірген.

Сондай-ақ президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірген.

Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растаған.

Ақорда ФИФА Тоқаев Президент
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар