Тоқаев Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдап, халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тоқаев боксшының World Boxing президенті болуын даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады.
Сондай-ақ мемлекет басшысы танымал спортшының Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметіне жоғары баға берді.
Тоқаев отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Геннадий Головкин еңбегін жоғары бағалағаны, сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: