Тоқаев Головкинді World Boxing президенті болып сайлануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстан президентінің құттықтауын Ақорда баспасөз қызметі жариялады.
"Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды", - делінген Тоқаевтың құттықтауда.
Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing халықаралық федерациясының президенті брлып тағайындалды. Қазақстандық бокс жұлдызы Римде өткен Конгреске қатысып, басшылық қызметі кезінде ұстанатын төрт бағытты атады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: