Спорт24 қыркүйек 2024, 16:00

Зәмзәгүл Файзолланова - Alash Pride лигасы тарихындағы алғашқы әйел чемпион

Ақтөбеде өткен Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирінде Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия Орталық спорт клубының спортшысы әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Капитан Зәмзәгүл Файзолланова өзбекстандық Ходжонисо Комолдинованы мерзімінен бұрын жеңіп, Alash Pride лигасы тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды.

Айта кету керек, спортшы ММА-да екі жылдық үзілістен кейін 77 кг салмақта өнер көрсетті.

«Мен өз күшіме сендім. Бұл турнирге де тек жеңіске жету үшін келдім. Менің мақсатым - алғашқы әйел чемпион атану еді. Арманым орындалды. Армия Орталық спорт клубына маған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын», деді Зәмзәгүл Файзолланова.

Зәмзәгүл Файзолланова Alash Pride алғашқы әйел чемпион
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар