СпортБүгін, 14:32

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты ресми ақпарат жарияланды

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы дисциплинарлық тыңдау 19 қаңтарда өтетінін мәлімдеді. Сол күні B-сынаманың нәтижесі белгілі болады.

Ресми нәтиже жарияланғанға дейін боксшы кінәсіз деп есептеледі.

«Іс белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар федерация түпкілікті шешім шығарылғанға дейін мәселені талқылап, қорытынды шығару орынсыз деп санайды.

Айта кетері, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан мельдоний табылған болатын.

спорт бокс Допинг Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар