Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды
Фото: Sports.kz
Sports.kz
Спорт24 қыркүйек 2024, 9:00

Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Боксшы екі чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп жоспарланған еді.

Жанқош Тұраров қыркүйек айының соңында жекпе-жек өткізбек болғанын жазған болатынбыз.

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы мансабын 2009 жылы бастады. Ол бүгінге дейін 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. BoxRec порталындағы мәліметтерге сүйенсек, Тұраров супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 11-орынға жайғасқан.

Жанқош Тұраров Жекпе-жек

Тақырыпқа жаңалықтар