Спорт2 қыркүйек 2023, 14:00

Жібек Құламбаева Прага турнирінің финалына шықты

Чехияда  қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында топырақ төсенішінде өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол польшалық Мартина Кубкамен бірге ширек финалда тартысты матчта румыниялық Кристина-Андреа Миту – украиналық Валерия Страхованы 4:6, 7:5, 10:8 есебімен жеңді.

Қазақ-поляк жұбы жартылай финалда бір сағатқа жуық бәсекеде жарыстың 4-ракеткалары, румыниялық Ирина Барэ – грузиялық Екатерина Горгодзені 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Ж.Құламбаева – М.Кубка финалда доданың бірінші ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли – Камилла Розателломен бас жүлдеге  таласады.

23 жастағы Жібек Құламбаева белоруссиялық Юлия Готовкомен бірге Римде осындай жарыста жеңімпаз атанған еді.

 

Жібек Құламбаева ITF турнир Чехия турнир
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар