Спорт5 қараша 2023, 4:13

Жібек Құламбаева Тунистегі жарыстың жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп есе қайырды – 6:2.

Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева мен Г.Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7.

Осылайша Жібек жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді.

ITF W25 Жібек Құламбаева Теннис жеңіс
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар