Спорт15 мамыр 2024, 12:00

Жібек Құламбаева Загребте жарыстың үшінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық, әлемнің 499-ракеткасы, 23 жастағы Жібек Құламбаева Загреб (Хорватия) ITF W75 турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің – 140, осы жарыстың 3-ракеткасы, нидерландылық Арианне Хартоноға қарсы келді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бірінші партияда нидерландылық теннисші 6:2 есебімен басымдылық танытты. Есесіне екіншісінде Жібек есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші сетте Құламбаева сәтті ойнай алды – 6:4.

Тартысты өткен матч 2 сағат 12 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен таласады.

Ж.Құламбаева WTA Live рейтингісінде бірден 451-орынға көтеріліп тұр.

Қазақстандық теннисші жұптық сында да өнер көрсетеді. Грекиялық Сапфо Сакелларидимен доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева турнирді бірден ширек финалдан бастайды.

Жібек Құламбаева Загреб Теннис ITF W75
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар