9 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
«Қазақстан халқына» қоры су тасқыны салдарын жоюға 10 млрд теңге бөледі
«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек мөлшерін 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтады. 1-30 сәуір аралығында заңды және жеке тұлғалардан қордың шоттарына түскен барлық қайырымдылық қаражаты зардап шеккендерге үй салуға аударылады. 9 сәуірдегі жағдай бойынша қор шотына 970 млн теңге түсті. Қор түсткен қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Елді мекендерді, құрылыс орнын таңдау және жер учаскелерін беру, құрылыс компаниялары атынан мердігерлерді айқындау жөніндегі жұмыс құрылысқа тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі.