Новости: 100 млрд теңге

100 млрд теңге - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【100 млрд теңге】 жаңалықтар Arbat media
«Ауыл аманаты»: 100 млрд теңге толық бөлінуі тиіс
17 қазан 2024 / Новости Казахстана

«Ауыл аманаты»: 100 млрд теңге толық бөлінуі тиіс

«Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл ауылдарға 100 млрд теңге бөліну жоспарланған болатын. Алайда жыл соңына таяса да ол қаражат бөлінбей, Үкімет өңірлерге тек 7 млрд теңге ғана жіберген. Мұны қалай түсінуге болады?». Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновке осындай сауал жолдады. Мәжіліс депутаты нарықтың қыспағымен ауылдан құт қашқанын, ауылдағы ағайынның орташа жалақысы қала тұрғындарының жалақысына қарағанда 30%-дан төмендігін, белең алған қымбатшылық пен жұмыссыздықтың да салдарын көбірек тартып отырған осы ауыл жұртшылығы екенін алға тартып, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау екенін алға тартты. 

Jusan bank 100 млрд теңгені мемлекетке мерзімінен бұрын қайтарды
10 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Jusan bank 100 млрд теңгені мемлекетке мерзімінен бұрын қайтарды

Jusan bank «Самұрық-Қазынадан» өз облигацияларын сатып алып, мемлекет көмегінің 100 миллиард теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды. Банк 2024 жылғы 9 сәуірде First Heartland Jusan Bank АҚ (Jusan Bank) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-дан 100 млрд теңгеге реттелген облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын сатып алғанын айтты.