Новости: 13 өңір

13 өңір - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【13 өңір】 жаңалықтар Arbat media
13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет РМК ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады.Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертең Атырау облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Бейсенбіде күн қатты ысып, 13 өңірде аптап болады
27 маусым 2024 / Новости Казахстана

Бейсенбіде күн қатты ысып, 13 өңірде аптап болады

"Қазгидромет" синоптиктері 27 маусым, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып, соның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр бар. Тек шығыста, орталықта, Түркістан, Павлодар, Жетісу облыстарында негізінен жауын-шашын жаумайды.