16 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Ертіс жағасындағы елдімекендерге қауіпті кезең 20 сәуірде басталуы мүмкін
Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма мен Шүлбі су қоймаларынан Ертіске жалпы көлемі 6,5 текше километр су жіберіледі. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі «Ертіс» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Елеусіз Қамбаров Шығыс Қазақстандағы қоймалар қазір су жіберудің негізгі ядросына кіріскенін айтты.