24 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Биыл 2000 шақырымнан астам су құбыры жөнделіп, жаңадан салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су құбырын салу және реконструкция бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл жұмыстың нәтижесінде 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады. Жаңадан салынатын және реконструкциядан өтетін топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады. Құрылыс жұмыстары еліміздің 9 өңірінде жүріп жатыр.