20 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Биыл 2487 мектеп профилактикалық бақылауда болады
Қазақстандық 2,5 мыңға жуық мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті биылғы жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады. Жаңа оқу жылының басында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 422 білім беру ұйымында бақылау-бағалау іс-шараларын жүргізген болатын. Іс-шаралар оқу үдерісіндегі проблемаларды анықтауға, оқу процесінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталды,.