29 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Онкоауруларды емдеуге қосымша 25 млрд теңге бөлінеді
Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы қысқартылмайтын болды. Керісінше, бұл салаға қосымша 25 млрд теңге бөлінеді. «Бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болды. Алайда, біз бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгіздік. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жемісті жұмысымыздың арқасында онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлу туралы түзетуіміз қолдау тапты. Бұл – өте қуанышты және маңызды жаңалық», - деп жазды мәжіліс депутаты.