11 қыркүйек 2024
/ Мир
Ресейде туу көрсеткіші соңғы 25 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен
Ресейде туу көрсеткіші соңғы 25 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Ресейде 599 600 бала дүниеге келді - бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 мыңға аз, деп хабарлайды "Росстат" жариялаған мәліметтер. Бұл да 1999 жылдан бергі туу көрсеткішінің рекордтық төмендеуі. 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ресей Федерациясында халық санының табиғи азаюы да 18%-ға жылдамдады. Елде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда өлім 49 мыңға көп тіркелді.