24 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Алдағы тәулікте елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде антициклон екпіні циклонды республиканың солтүстік-батысына қарай бірте-бірте ығыстырып, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.