19 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Оқиғаға кәмелетке толмаған жерлесінің қатысы болуы мүмкін
Дәретханадан табылған 5 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тың мәліметті жариялады. Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады.