29 ақпан 2024
/ Новости Казахстана
2024 жылы ауылдарда 500-ден астам медициналық мекеме іске қосылады
2024 жылы Қазақстанда ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 556 медициналық мекеме салу жоспарлануда. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет отырысында министр Ақмарал Әлназарова «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру туралы айтты.