31 тамыз 2024
/ Евразия
Қырғызстан бюджеті жыл соңына дейін 650 миллиард сомға дейін өсіріледі
Қырғызстанның бюджеті 2024 жылдың соңына дейін 650 миллиард сомға дейін өседі. Мемлекет басшысы ел экономикасының соңғы жылдары айтарлықтай дамығанын ерекше атап өтті. 30 тамызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Кемин ауданындағы Терек-Таш цемент зауытының салтанатты ашылуында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде 2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік бюджетті 650 миллиард сомға жеткізу жөніндегі ауқымды жоспарлардың жүзеге асатынына сенім білдірді.