12 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Қайрат Сатыбалды ісі: мемлекетке 732,8 млрд теңгенің активтері қайтарылды
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардан мемлекетке заңсыз сатып алынған 732,8 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған. Агенттік жариялаған мәліметтерге сай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.Сатыбалдыұлына қатысты «Қазақтелеком» АҚ, «Көлік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату), сондай-ақ оның бақылауындағы компанияның кедендік баждарды төлеуден жалтару фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеді.