Сегодня, 16:06
/ Новости Казахстана
74 млн теңгеден артық ипотека алғандар да декларация тапсырады
Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында құны 74 млн теңгеден асатын актив иеленген азаматтар неге декларация тапсыруға міндеттелетінін түсіндірді. «Мысалы мен 80 млн теңгенің үйін ипотекаға алдым дейік. Оның 40 млн теңгесін өзім салып, қалғанын банктен несиеге алсам, декларациядан босатылам ба?» - деген сұраққа министр мұндай операцияларда мәміленің ақтық сомасы ескерілетінін айтты.