7 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Несиесі 90 күннен асып кеткендер қалай табыс табады
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Жамбыл облысына барып, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыспен танысты. Биыл сәуір айында партия бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында «Агросауат» агробіліктілік орталығы ашылды. Онда егін, құс және мал шаруашылығын жүргізуге қатысты теориялық және тәжірибелік курстарды ақысыз негізде оқыту жұмысы ұйымдастырылды. Тамара Дүйсенова бұл бастаманы жоғары бағалап, оны ары қарай кеңінен тарату мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты.