 
                                                                                                                 
                                                                                                                             30 қараша 2024
                                                                /  Sport
                                                                                                                    
                                                        Әлемдік рекорд: Роналду дубль жасап, 915-ші голын соқты
Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 12-туры аясында «Дамакқа» қарсы ойында командасына жеңіс әкелді. «Әл-Наср» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Роналду дубль жасады: әуелі португалдық футболшы 17-минутта пенальтиден есеп ашса, 79-шы минутта екінші голды соқты. 56 минуттан бастап Дамак он адаммен ойнады: Абделькадер Бедран қызыл қағаз алды.