8 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Ақтөбеде қанжоса болып жүрген адамдар жұртты шошытты
Ақтөбе қаласында адамдар арасында төбелес болып, көшеде қанжоса болып жүрген ер азаматтар жұртты қорқытты. Қазіргі кезде оқиғаға қатысы бар күдіктілердің бәрі анықталып, ұсталды. Оқиға Ақтөбе қаласындағы 8 шағын ауданда болған. Видеодан бірнеше адамның қанжоса болып жүргенін көруге болады. Сонымен бірге бірнеше полиция қызметкері мен жедел жәрдем бригадасының өкілі бар. Алғашында көпке бағынбай, қарсыласып жүрген адамның пышақ жарақатын алған болуы мүмкін екені, тіпті бірнеше адамды жаралағаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.