Новости: адамның сүйегі

адамның сүйегі - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【адамның сүйегі】 жаңалықтар Arbat media
Балқашта құбыр ауыстырушылар жер астынан үш адамның сүйегін тапты
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Балқашта құбыр ауыстырушылар жер астынан үш адамның сүйегін тапты

Балқашта құбыр ауыстырып жүрген жұмысшылар жер астынан үш адамның денесін тапты. Бірнеше жыл бұрын көмілген мәйіттер шіріп, тек сүйегі қалған.Құбыр ауыстырып жүргендер алдымен бір адамның сүйегін көреді. Полиция адам сүйектерін алып жатқанда тағы екі адамның денесі табылған. Сот-медициналық сараптама табылған адам денелері жер астында бірнеше жыл жатқан деп болжайды. Өйткені етінен дым қалмаған. Сонымен қатар сүйектердің жатысына қарай үшеуі де қасақана өлтіріліп, көмілген болуы мүмкін деген жорамал бар. Полиция із түзсіз кеткендердің деректерін көтеріп, мәйіттердің жеке басын анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды. 

Гитлердің бұрынғы штаб-пәтерінде адам сүйегі табылды
5 мамыр 2024 / Мир

Гитлердің бұрынғы штаб-пәтерінде адам сүйегі табылды

Гитлердің бұрынғы штаб-пәтерінде адам сүйегі табылды. Гитлердің негізгі штаб-пәтері «Қасқырлар ұясы» 1945 жылдан кейін Польшаның құрамына кірген Шығыс Пруссияда 250 гектарға жуық аумақты алып жатты. Осы қирандыларды зерттеген неміс және поляк энтузиастары Гитлердің ең жақын серігі Герман Герингтің үйінің қирандыларынан бірнеше адамның, соның ішінде жаңа туған нәрестенің қаңқасын тапты.