31 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Мәжбүрлеп орындау комитеті құрылды — Әділет министрлігі
Елімізде енді Мәжбүрлеп орындау комитеті құрылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен ҚР Әділет министрлігінің баспасөз конференциясында айтылды. Әділет вице-министрі Даниэль Ваисовтың айтуынша, енді дербес ведомство азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, оның ішінде шағымдарды қарау және оларды қабылдауды жүзеге асыру барысында жедел шешім қабылдауға құқылы.