10 ақпан 2024
/ Новости Казахстана
ҰБТ-2024: Тапсырмаларды бағалау әдісі айтылды
2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестулеудегі тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140. «Қазақстан тарихы», «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» пәндерінің тапсырмаларында төрт нұсқаның ішінде бір дұрыс жауабы бар.