Вчера, 13:34
/ Евразия
Қытай мен Өзбекстан инновациялық агротехникалық парк салады
Қытай мен Өзбекстан инновациялық агротехникалық парк салады. Жоба екі ел басшылары қол қойған серіктестік жоспары аясында жүзеге асырылады. Өзбекстанда «Өзбекстан – Қытай» атты жаңа инновациялық агротехнологиялық паркті іске қосу жоспарлануда. Бұл маңызды жобаның тұсаукесері Янглин қаласында өткен халықаралық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өтіп, оны Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ауыл шаруашылығындағы білім және инновациялар ұлттық орталығының директоры Шухрат Отажонов таныстырды.