Новости: Әкімдер

Әкімдер - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Әкімдер】 жаңалықтар Arbat media
Енді аудан әкімдері тікелей сайлау арқылы сайланады
3 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Енді аудан әкімдері тікелей сайлау арқылы сайланады

«Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланды. Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі таңдаған әкімдердің құрамы едәуір жаңғырды», деді Президент. 

Бектенов: Әкімдердің жұмысын ел тұрмысына қарап бағалаймыз
29 шілде 2024 / Новости Казахстана

Бектенов: Әкімдердің жұмысын ел тұрмысына қарап бағалаймыз

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. «Отбасының цифрлық картасын» одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян», «Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру» жобалары көрсетілді. 

Олжас Бектенов әкімдіктерді сынға алды
12 маусым 2024 / Новости Казахстана

Олжас Бектенов әкімдіктерді сынға алды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында болған жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысын жақсы деп бағалады. Бұл ретте Үкімет басшысы басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала-алмай отырғанын атап өтті. 

ШҚО: Су тасқыны жағдайына тікұшақпен барлау жасалды
30 наурыз 2024 / Новости Казахстана

ШҚО: Су тасқыны жағдайына тікұшақпен барлау жасалды

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына тікұшақпен барлау жасалды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ТЖД бастығы Ерғали Бахаев бастаған арнайы жұмыс тобы Күршім, Ұлан және Марқакөл аудандарында бөгеттер мен өзендерді түкұшақпен бақылап өтті.

Павлодар облысында үш әкімге сөгіс жарияланды
28 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Павлодар облысында үш әкімге сөгіс жарияланды

Тереңкөл, Павлодар аудандары мен Ақсу қаласының басшылары қарды уақтылы шығару және су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеген. Қазір аймақта 21 қауіпті учаске бақылауға алынды.