14 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Теміржолды кесіп өткен 28 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жыл басынан бері 28 589 адам белгіленбеген жерлердегі теміржолдарды кесіп өткен. Ал, пойыз астына түскен 55 адамның жартысынан көбі қайтыс болған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді. Жалпы пойыздар 1 268 рет шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Оның 205-і жеке адамдарға байланысты болса, 956 жағдай жануарлардың жолға шығып кетуінен болған.