1 қазан 2024
/ Новости Казахстана
«Алатау жастары» бағдарламасы қашан басталады
Алматы облысында жастарға арналған «Алатау жастары» бағдарламасы басталады. Жоба 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) облыстың жас тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Анар Естияр айтты.