Новости: Алматы әуежайы

Алматы әуежайы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Алматы әуежайы】 жаңалықтар Arbat media
Алматы әуежайында жанжал шығарғандарға қатысты іс қозғалды
20 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Алматы әуежайында жанжал шығарғандарға қатысты іс қозғалды

Алматы әуежайында рейсі кешіккен азаматтар жанжал шығарды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. FlyArystan әуе кемесі «Алматы – Астана» бағытында сағат 09:05 ұшуы керек болған. Алайда жүйедегі техникалық ақауға байланысты жолаушыларға алдымен рейстің 10:55-ке ауысқаны туралы, одан кейін 09:25-те ұшатыны туралы ескерту хабарлама келген. Оқиға салдарынан біраз жолаушы рейске мініп үлгермей қалған. 

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды
6 маусым 2024 / Новости Казахстана

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалды. Әуежайдың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Гокер Косенің әуежай саласындағы операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент бойынша 20 жылға жуық тәжірибесі бар.Гокер Косе TAV Airports холдингіне 2005 жылы қосылды. Азаматтық авиация мен әуежайларды басқару және менеджмент саласында тағылымдамадан өтті. Анкарадағы жаңа Эсенбога әуежайына қатысты (Operational Readiness and Airport Transfer ORAT) бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосты.