24 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Алматыдағы автобус апаты: сотталушы өзін тек «Бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп санайды
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда үш адамның өліміне әкелген бұзақылық және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережелерін бұзды деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сот отырысы онлайн-трансляция арқылы көрсетілді.